
Мәжіліс депутаты Айдос Сарым мемлекеттің Байқоңыр ғарыш айлағына байланысты жоспарын бөлісті.
Оның сөзінше, айлақтан Ресейдің басы бүтін кетіп қалуы белгілі бір мәселелер тудырады.
«Бізде қазір ол жерде 60-70 мың халық тұрады. Егер Ресей Байқоңырдан біржола кететін болса… қазір олардың екі космодромы бар, егер сол жаққа технологиясымен түгел ауысатын болса, онда біз 70 мың халықты көшіріп, жұмысқа орналастырып, жағдайын жасауымыз керек», – дейді депутат.
Депутат бүгінде мемлекет Байқоңырды барынша бейбіт, халыққа, экологияға барынша кем әсер ететін технологиялармен жалғастыруды мақсат етіп отырғанын мәлім етті.
Ресей Байқоңыр ғарыш айлағын Қазақстаннан 2050 жылға дейін жалға алған. Келісімге сай, Ресей жыл сайын 115 миллион доллар төлеп отырады.