
Алдағы күндері ел аумағында күн райы күрт өзгереді. Бұл туралы «Қазгидромет» хабарлады.
Синоптиктердің болжамынша, елдің солтүстік аймақтарына антициклон әсер етіп, аяз болса, оңтүстікте керісінше күн жылиды.
«Оңтүстік циклон оңтүстік аймақтарға әсер етеді – баяу жылжып, күндізгі ауа температурасының біртіндеп 10-15 жылуға дейін көтерілуіне әкеледі» делінген хабарламада.
«Қазгидромет» мәліментінше, алдағы үш күнде оңтүстік астана – Алматыда ауа температурасы 4-7 аралығында жылы болады. Қызылордада ауа температурасы +3 градустан +10 градусқа дейін көтерілсе, Шымкент пен Түркістанда 15 градус жылы болады. Таразда 13 градусқа дейін көтеріледі.
Төтенше жағдайлар қызметі күннің жылуынан оңтүстікке су тасқыны қаупі төнетіні туралы хабарлады. ТЖМ болжамынша, биылғы көктемде мыңнан астам елдімекенді қар суы басуы мүмкін.