Миллиардер Александр Клебанов «Астана ЕРЦ» компаниясын заңсыз иеленген бе

Жарияланды (жаңартылды )
Business News бөлімінің редакторы
Коллаж: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Астана әкімі Жеңіс Қасымбектің халықпен кездесуінде қала тұрғыны Марат Бөлекбаев «Астана-ЕРЦ» компаниясының 50% үлесі заңсыз жекешелендірілген деп мәлімдеді. Оның айтуынша, аталған үлесті олигарх Александр Клебановқа тиесілі «ОАЭК» бар-жоғы 85 млн теңгеге сатып алған. Ал компанияның жылдық айналымы 11 миллиард теңгені құрайды. Бұл жағдай астаналықтардың наразылығын туғызып отыр.

Жекешелендіру қалай жүзеге асты?

2020 жылдың 21 желтоқсанында «СПК Астана» АҚ мен «ОАЭК» арасында 50% үлесті сату туралы келісім жасалған. Ал 2021 жылдың 29 желтоқсанында «ОАЭК» өз үлесін Caspian Five Group компаниясына қайта сатқан. Қазір «Астана-ЕРЦ» компаясының тең иесі – «Алсеко» мен Caspian Five Group.

Бөлекбаевтың пікірінше, бұл келісімдер жасалғанда заң бұзылған. Себебі мемлекет меншігіндегі стратегиялық маңызды активтің жекешелендірілуі заңнама талаптарына сай келмеуі мүмкін.

Астана тұрғындары аталған келісімді заңсыз деп тануды және активті мемлекет меншігіне қайтаруды талап етуде. Қала тұрғыны әкім Жеңіс Касымбекпен кездесуде:

«Бұл келісім акционерлік қоғамдар мен табиғи монополия субъектілері туралы заңнаманы бұза отырып жасалған. Сондықтан прокуратура бұл мәселеге назар аударып, заңсыздықты анықтауы тиіс», – деп мәлімдеді.

Әкімнің жауабы қандай?

Жеңіс Касымбек бұл мәселеге қатысты жан-жақты талдау жүргізіліп, ресми жауап берілетінін айтты. Қоғамда қызу талқыланған бұл жағдай мемлекеттің жекешелендіру саясатының ашықтығына күмән келтіріп тұр.

Егер келісім заңсыз деп танылса, «Астана-ЕРЦ»-тің 50% үлесі мемлекет меншігіне қайтарылуы ықтимал.

Клебанов дивидендтен қағылды ма?

2023 жылы Клебанов «ОАЭК»-тен дивиденд алған жоқ. Компания 2022 жылы да акционерлеріне дивиденд төлемеген.

«Орталық Азия электр энергетикалық корпорациясының» (ОАЭК) 47% акциясы Александр Клебановқа тиесілі болса, 47%-ы Сергей Канның иелігінде. Олардың капиталы 815 млн және 292 млн долларға бағаланады. Қос миллиардан осы компания арқылы «СевКазЭнерго» және «Ақмола РЭК», «Павлодар энерго» компанияларын иелік етеді,

Сондай-ақ оқыңыз