Алматыдағы қоймада өрт шықты. Жалын әкімшілік ғимараттың шатырына тарады
Жарияланды

19 ақпан күні таңғы сағат 08:25 шамасында Алматы қаласының Әуезов ауданында қойма отқа оранды. Бұл туралы Төтенше жағдай департаменті хабарлады.
Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің (ТЖД) мәліметінше, қызыл жалын жақын маңдағы үш қабатты әкімшілік ғимараттың шатырына таралған.
«Өрт сөндірушілер оқиға орнына 08:30-да жетті. Жедел штаб құрылып, жалынды сөндіру және ғимаратты қорғау үшін өрт сөндіру шлангілері іске қосылды. Өрт сөндіру көліктері су гидранттарына орнатылып, тұрақты су беру қамтамасыз етілді»,– делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта өртті толық ауыздықтау және зардап шеккендер туралы ақпарат нақтыланып жатыр. ТЖД өрттің шығу себебін анықтау үшін тиісті тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.