Жаңалықтар

Қар, боран және жауын-шашын – 19 ақпанға ауа райы болжамы

9-11 қараша ауа райы
19 ақпан ауа райы болжамы / Фото: shutterstock

19 ақпанда Қазақстанның көптеген өңірінде ауа райы құбылмалы болады. «Қазгидрометтің» хабарлауынша, елдің батысы мен оңтүстігінде жаңбыр мен қар жауады, ал орталық, солтүстік-шығыс және оңтүстік-шығыста ауа райы жауын-шашынсыз өтеді.

Синоптиктердің болжамынша, тұман түсіп, көктайғақ болып, кей жерлерде қатты жел соғады. Әсіресе, батыс және оңтүстік аймақтарда жауын-шашынның көп жауады.

  • Астана: аздаған қар, түнде −12…−14 °C, күндіз −4…−6 °C.
  • Алматы: жауын-шашынсыз, түнде −4…−6 °C, күндіз +4…+6 °C.
  • Шымкент: жаңбыр, түнде 0…+2 °C, күндіз +11…+13 °C.

Бұған дейін Солтүстік өңірлерде ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше жол жабылған еді. Құтқару қызметтері ауа райының бұзылуына байланысты сақтық шараларын ұстануды сұрайды. Төтенше жағдайлар туындаған жағдайда 112 нөміріне хабарласу қажет.