Букмекерлік кеңселердің жарнамасына тағы да шектеу қойылады

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
General News бөлімінің тілшісі
Букмекерлік кеңселердің жарнамасына шектеу қойылады / Фото: архив kursiv.media

Мәжілістің жалпы отырысында ғимараттар мен құрылыстарда, онлайн-платформалар мен бұқаралық ақпарат құралдарында (БАҚ) букмекерлік кеңселер мен тотализаторлардың жарнамасына тыйым салу туралы түзетулер қабылданды. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Нартай Аралбайұлы хабарлады.

Алайда, депутаттың айтуынша, бұл шектеу спорттық іс-шаралар өткізу кезінде спорт нысандарының ішінде орналасқан жарнамаларға, букмекерлік кеңселердің интернет-ресурстары мен спорттық БАҚ-тағы жарнамаларға әсер етпейді.

«Бұдан бөлек, отандық телеарналар халықаралық спорт жарыстарын тікелей эфирде көрсеткен кезде, букмекерлік кеңселер мен ұтыс ойындарының жарнамасын тарата алады. Сонымен қатар түзетулер ұялы байланыс операторларына электронды казинолар мен онлайн-казиноларды жарнамалауға, сондай-ақ абоненттік құрылғыларға құмар ойындар мен бәс тігулерге қатысты жарнамалық мәтіндік хабарламаларды жіберуге тыйым салуды қарастырады», – деді.

Депутаттар, сонымен бірге, шартты түрде сотталғандарға құмар ойындарға қатысуға тыйым салу туралы ұсыныс енгізді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстан футбол лигарында да букмекерлердің атаулар қойылмайтыны туралы жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз