
Наурыз айынан бастап пойыз билеттері қымбаттайды. Бұл туралы Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитеті төрағасының орынбасары Нұржан Келбуғанов айтты.
«1 наурыздан бастап инфляцияға қатысты индексация жасалып, пойыз билеттері қымбаттайды. Бұл жыл сайынғы шара. Былтыр инфляция 20%-дан асып түскен кездің өзінде бізде билеттер 7%-ға ғана қымбаттады. Биыл да баға осы көлемде ғана өседі», – деді комитет өкілі.
Айта кетсек, бүгін, 19 ақпанда, Көлік вице-министрі Талғат Ластаев қосылған құн салығы көтерілсе де, пойыз бен әуе билеттеріне баға өспейтінін айтқан болатын. Министрлік өкілі теміржол билеттері субсидияланатынын, сол себепті ҚҚС-тің көтерілуі билет құнына еш әсер етпейтінін мәлімдеген.