Жаңалықтар

Қосылған құн салығы көтерілсе, теміржол және әуе билеттері қаншалықты қымбаттайды

теміржол және әуебилеттері
Ластаев ҚҚС көтерілсе, теміржол және әуебилеттері қымбаттамайтынын айтты / Фото: shutterstock; бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Көлік вице-министрі Талғат Ластааев қосылған құн салығы көтерілсе де, теміржол және әуебилеттері қымбаттамайтынына сенімді. Айтуынша, теміржол билеттері субсидияланады. Ал әуе билеттері арзанға алу үшін алдын-ала сатып алуды ұсынды.

«Пойыз билеттері қымбаттамайды. Пойыз жолаушыларының билеттері субсидияланады. Сол себепті теміржол билеттерінің тарифі үкіметпен қадағаланады», – деді вице-министр үкімет сағатынан кейінгі брифингте.

Ластаев әуе билеттерінің де қымбаттамай қоймайтынын айтады. Жалпы билеттерді арзан алу үшін вице-министр әуе билеттерін ертерек сатып алуды ұсынды. Баға алған уақытына байланысты құбылып тұрады Сол себепті ҚҚС-тің көтерілуі билет құнына айтарлықтай әсер ете қоймайды-мыс. Десе де, вице-министр бағалардың сәл көтерілуі мүмкін екенін де жоққа шығармады.

Ал Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин, қосымша құн салығы өссе, тауарлардың қымбаттайтынын және оны халық міндетті түрде сезетінін айтты. Министр тұтынушылардың тауар және қызмет түрлеріне бағаның біршама көтерілтенін мәлімдеген.