Қазақстан Каспий мұнай құбырына жасалған шабуыл мәселесін Украинамен талқылайды

Қазақстандық дипломаттар Каспий құбыры консорциумына жасалған шабуыл мәселесін украин тараппен талқылайды. Бұл туралы СІМ-нің ресми өкілі Айбек Смадияров хабарлады.
«Бұл Қазақстан экономикасы үшін өте маңызды мәселе және біз әрине бұл жағдайды украиналық серіктестерімізбен дипломатиялық арналар арқылы талқылайтын боламыз», – деді ол Kursiv Media-ға.
17 ақпанда украиналық дрондар тобы Каспий құбыры консорциуымындағы «Кропоткинская» мұнай станциясына шабуыл жасалды. Ол желі арқылы Қазақстаннан өндірілетін мұнайдың 80%-ы тасымалданады.
Каспий құбыры – Қазақстан үшін маңызды маршруттың бірі. Әзірге оның орнын алмастыра қоятын балама бағыт та жоқ. Сарапшы Абзал Нарымбетов геосаяси мәселе шешілмейінше, қауіп әрдайым туындай береді деген пікірде.
Мұнай станциясын жөндеу 1,5-2 айға созылуы мүмкін. Ресей президенті Владимир Путин санкция болса да, акционерлер қажетті құрылғыны өздері әкеліп, ақауды өздері жөндеуі керек деген пікірін айтты.