Solidcore Resources «Банк ЦентрКредиттен» 60 млн долларға дейін қарыз алмақшы

Жарияланды
Solidcore Resources «Банк ЦентрКредиттен» 60 млн долларға дейін қарыз алмақшы Фото: shutterstock

Solidcore Resources plc. қазақстандық «Банк ЦентрКредитпен» келісімге отырды. Қаржы ұйымы компанияға жеті жыл мерзімге 60 млн долларға дейін несие бермекші. Бұл туралы Solidcore Resources сайтында жазылған.

Алынған қаражат кәсіпорындарда күн және газ поршенді электробекеттердің құрылысына жұмсалады.

Атап айтқанда, Варваринск кен орнында қуаттылығы 40 МВт болатын газ поршенді электрбекеті және қуаты 23 МВт болатын күн станциялары салынады. Сондай-ақ Қызыл кен орнында 17 МВт болатын тағы бір күн энергиясымен жұмыс істейтін бекет іске қосылады.

Жоба жүзеге асырылса, Solidcore Resources көмір электрстанциялары өндіретін энергияға балама қуат табылады. 2023 жылмен салыстырғанда ауаға шығарылатын зиянды заттар көлемін 27%-ға азайтады. Сыртқы энергия көздеріне тәуелділік төмендеп, тариф өсуіне қатысты шығындар да қысқарады деген болжам бар.

Бұған дейін компания Ертіс гидрометаллургиялық комбинатының құрылысына кіріскен. Биыл бұл жобаға 160 млн доллар бөлу жоспарланған.

Solidcore Resources plc – Қазақстандағы алтын өндіруші компанияның бірі. Биыл кәсіпорын 470 мың унция алтын өндіруді жоспарлап отыр.

Сондай-ақ оқыңыз