Авто

Changan, Chery және Haval автокөліктері Қазақстанда жазға дейін құрастырыла бастайды

Қазақстанда Қытай автокөліктерін құрастыратын зауыт іске қосылады / коллаж kursiv.media, бильд-редактор: Милош Муратовский

2025 жылы Алматыда жаңа Astana Motors Manufacturing Kazakhstan мультибренд зауыты іске қосылады. Онда Changan, Chery және GWM (Haval мен Tank) секілді Қытай автокөліктері құрастырылады.

Өндіріс көліктің төрт түрін шығарумен басталады, бірақ кейін басқа да автокөлік құрастыру көзделіп отыр. Бұл туралы Kursiv.Media-ға Astana Motors өкілі айтып берді.

Қытай автокөліктерінің түрлері

Қазақстанда әуелі Chery Tiggo 2 PRO, Haval Jolion, Tank 300 және Changan CS55 Plus құрастырыла бастайды. Өндіріс 2025 жылдың алғашқы жартысында іске қосылады деп жоспарланған. Содан кейін зауыт басқа да Қытай автокөліктерін шығаруды қолға алады. Тағы қандай автокөліктер құрастыруға болатыны туралы келіссөз жүріп жатыр. Тізімді автоөндірушілермен келістіру қажет.

Нарыққа не үшін қажет

Жергілікті автоөндірісті дамыту импортқа тәуелді болып қалудан сақтайды, бұған қоса көпшілік сұранысына ие көліктерді жеткізу мерзімі қысқаруы мүмкін. Жергілікті өндіріс Қытай автокөліктерінің бағасына да әсер етеді деген болжам бар. Қазақстанда осы елдің автомобильдеріне сұраныс көбейіп келе жатқаны мәлім.

Енді өндірістің басталуын күту, тағы қандай автокөліктер шығаратынын анықтау ғана қалды.

Бұған дейін Kursiv.Media Алматыда мультибренд зауыты 2025 сәуірге дейін ашылатыны туралы жазған. Сол кезде Astana Group басшысы Нұрлан Смағұлов өндірілген көліктердің жартысы шетелге экспортталатынын айтқан.

Сонымен бірге, Kursiv.Media Қытайдың Haval, Geely, Chery, Changan секілді автокөліктеріне талдау жасап, олардың артықшылықтары мен кемшіліктері туралы жазған.