Мемлекеттік компаниялар таза табысының қайда жұмсалғаны туралы есеп береді

Жарияланды (жаңартылды )
BUSINESS NEWS БӨЛІМІНІҢ ТІЛШІСІ
Мемлекеттік компаниялар таза табысын қалай жұмсағаны туралы есеп береді / фото: sutterstock

Қазақстандағы квазимемлекеттік компаниялар дивиденд төлеп, бюджет алдындағы міндеттерін өтегеннен кейін, қалған таза кірісті қалай пайдаланғаны туралы ақпарат береді.

Жарлық жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды. Құжатты талқылау 5 наурызда аяқталады.

Бұған қоса, квазисектордағы компаниялар осындай мәліметті бюджетті орындау жөніндегі жылдық есебіне де қосып отыруы тиіс.

Жарлық жобасын Ұлттық экономика министрлігі жариялады. Құжат авторларының пікірінше, жарлық қаражаттың қалай жұмсалғанын бақылауға мүмкіндік береді, сонымен бірге оны орындауға бюджеттен қосымша шығын шықпайды.

Мемлекетке дивиденд төлеу мәселесі «Қазақтелекомның» Tele2/Altel брендтерімен жұмыс істейтін «Мобайл Телеком-Сервистің» 100% акция пакетін сатудан таза пайда тапқан уақытта да көтерілген. Сол кезде Ұлттық экономика министрлігі мемлекет меншігін жекешелендіруден түскен қаражатты Ұлттық қорға аударуды талап еткен.

Алайда «Қазақтелекомның» миноритарлы акционерлері министрлік жарлығымен келіспеген, өйткені олар өз үлесі үшін дивидендтен қағылған. Кейін бұл іс Конституциялық сотта қаралып, акционерлер мүддесін Қазақстан миноритарлы акционерлер қауымдастығының атқарушы директоры Данияр Темірбаев қорғаған. 2024 жылғы мамырда сот «Қазақтелеком» миноритарларының арызын қабылдаудан бас тартқан.

Сондай-ақ оқыңыз