Алаяқтар қазақстандықтарға қандай телефон кодтарымен хабарласатыны белгілі болды

Жарияланды
General news бөлімінің тілшісі
Алаяқтар қазақстандықтарға қандай телефон кодтарымен хабарласатыны белгілі болды/Коллаж: KursivMedia, бильд-редактор Ахтам Зиперов

«Мемлекеттік техникалық қызмет» акционерлік қоғамы алаяқтар өздерінің заңсыз әректетеріне +870 кодымен басталатын телефон нөмірлерін жиі пайдаланатынын хабарлады.

Орган мәліметінше, +870 кодымен байланыс Инмарсат спутниктік жүйесіне тиесілі және ол теңізде, әуеде және шалғай аймақтарда байланыс орнатуға арналған. Алаяқтар бұл кодты қазақстандық телефон нөмірлеріне ұқсас болғандықтан, тұрғындарды алдау үшін белсенді түрде қолданатынын айтылды.

Мемлекеттік техникалық қызмет инмарсат спутниктік жүйесінде қолданылатын тағы бірнеше ұқсас кодтар барды атады:

  • +870 – желіге кіру коды (SNAC);
  • +871 – Атлант мұхитының шығысы (AOR-E);
  • +872 – Тынық мұхит аймағы (POR);
  • +873  – Үнді мұхиты аймағы (IOR);
  • +874 – Атлант мұхитының батысы (AOR-W).

«Алаяқтықтан сақ болыңыз! +870 және осыған ұқсас кодтары бар бейтаныс нөмірлерге қоңырау шалмаңыз! Жеке деректеріңізді, SMS кодтарын және банк карталарыңыз туралы ақпаратты ешкімге бермеңіз!» делінген хабарламада.

Меморган егер осы номерден хабарласып, код немесе басқа ақпаратты сұраса, бұл алаяқтық белгісі екенін айтып, ешкімге ешқандай ақпаратты бермеуге шақырды.

Бұған дейін, алаяқтардан елдің бірнеше өңірі бойынша 25 мыңнан астам sim-карта тәркіленгенін хабарлағанбыз.

Сондай-ақ оқыңыз