Банк пен қаржы

ҚҚС 16 % және тіркеу шегі 15 млн: заң жобасына өзгерістер Мәжіліс қарауына ұсынылды

Қосылған құн салығына қатысты заң Мәжіліске өтті / Фото: kursiv.media, бильд редактор Ахтам Зиперов

Қосылған құн салығы мөлшерін 12 пайыздан 16 пайызға дейін көтеріліп, ҚҚС-қа міндетті тіркеу шегі 5 есе азаюы мүмкін. Ұлттық экономика министрлігі Мәжіліск қарауына Салық кодексінің жобасына енгізілетін түзетулер пакетін ұсынды.

Негізгі түзетулер мыналарды қамтиды. Парламент заңға енгізілетін түзетулерді қабылдаса:

  • Қосылған құн салығы бойынша міндетті тіркеу шегі төмендейді. Ол 20 000 АЕК-тен (78,6 млн теңге) 3 800 АЕК-ке (15 млн теңге) дейін азаяды. Енді қаржы айналымы 15 млн теңгеден асатын кәсіпкерлер ҚҚС төлеуі мүмкін.
  • Қосылған құн салығының мөлшерлемесі 12%-дан 16%-ға дейін артады. Сонымен қатар бірқатар салалар үшін төмендетілген мөлшерлеме 10% белгіленеді;
  • Жеңілдетілген декларация бойынша арнайы салық режимін қолдануды шектеу. Арнайы салық режимі тек B2C сегментіне (бизнес түпкілікті тұтынушылар үшін) қалмақ.

Бюджет жыртығын қосымша құн салығымен жамау

Премьер-Министрі Олжас Бектенов 28 қаңтарда Үкіметтің кеңейтілген отырысында қосылған құн салығын (ҚҚС) арттыру ұсынылғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, «дамуға жұмсалатын бюджет қаржысы» жеткіліксіз, сондықтан салықты көтеру қажеттігі туындаған.

Кейінірек Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин ҚҚС мөлшерлемесі қаншаға көтерілетініне қатысты түпкілікті шешім қабылданбағанын, бірақ оны 20 пайызға дейін көтеру керек екенін айтты. Жұманғарин сонымен қатар ҚҚС-тың азық-түліктің қымбаттауына әкелетінін мойындады.

Алайда депутаттар мен кәсіпкерлер, экономист сарапшылар Үкіметтің бұл бастамасын аса қолдай қоймады. Экономист Салтанат Абаева «қосылған құн салығы – кедейлерге салынатын салық» десе, депутаттар көлеңкелі бизнестің үлесі артатынына назар аударды. Сонымен қатар сұр ипорттың үлесі артады деген қауіп бар.

3 ақпанда заңгерлер қосылған құн салығын арттыруға петиция жариялып, салық мөлшері артса, мемлекет пен халық қандай зиян шегетінін жіліктеп түсіндіріп берді.

Бірақ Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет ұсынған ҚҚС мөлшерлемесінің тым жоғары екенін атап өтіп, бұл мәселені қайта қарастыруды тапсырды. Содан кейін Ұлттық экономика министрлігін ҚҚС мөлшерлемесін 0%-дан 16%-ға дейін көтеру мүмкіндігін қарастырып жатқанын хабарлады.

Сондай-ақ ҚҚС есебіне тіркеу шегін 15 миллион теңгеге дейін төмендету және бөлшек салық режимін қайта қаралмақ. Осының нәтижесінде Қазақстан бюджетіне жыл сайын қосымша 5 млн теңге қаржы түседі.