Өзбекстанда күдікке ілінген Түркия азаматтары Қазақстанда ұсталды

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Полиция Шерзаттың әкесінің үстінен қылмыстық іс қозғады
Өзбекстанда күдікке ілінген Түркия азаматтары Қазақстанда ұсталды / shutterstock, бильд-редактор: Артур Алескеров

Өзбекстанда қарақшылық шабуыл жасады деп күдікке ілінген Түркия азаматтары Шымкент пен Атырауда жасырынып жүрген. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі хабарлады.

Мән-жайы

Криминалдық полиция қызметкерлері Шымкент пен Атырау әуежайларында Өзбекстан аумағында қарақшылық шабуыл жасағаны үшін іздеуде жүрген үш Түркия азаматын ұстады.

Олар Ташкентте бетперде киіп, бір азаматтың көлігін тартып алуға тырысқан. Зардап шеккен азамат қарсылық көрсеткеннен кейін, күдіктілер оқиға орнынан қашып кеткен. 

Өзбекстан халықаралық іздеу салғанда, үш азамат Қазақстанға жасырынып, екеуі Атырауда, біреуі оңтүстік Қазақстанда жасырынған.

Күдіктілердің үшеуі де ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Айта кетейік, 17 ақпанда Қазақстанда іздеу салынған Ақтау қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Өзбекстанда ұсталған.

Сондай-ақ оқыңыз