Lifestyle

Блогерге салынған салық техникалық қате болып шықты

Блогерлерге салынған салық техникалық қате болып шықты / Фото: shutterstock

Қазақстандық блогер Дарья Александрова мемлекеттік кірістер комитетінен (МКК) 120 миллион теңге салық төлеу туралы хабарлама алғанын жариялады. Алайда кейін бұл шешімнің техникалық қателік екені анықталып, комитет өз ұйғарымын кері қайтарып алды.

Қателіктің мәні неде?

Блогердің айтуынша, 14 ақпан күні оған 79 млн және 42 млн теңге көлеміндегі екі салықтық есеп жолданған. Мемлекеттік кірістер комитеті оның табысын төмендетіп көрсеткенін айтып, «экспорттық бұзушылық» ретінде тіркеген. Бірақ Александрова өз табысын жасырмағанын, негізгі кәсібі Қытайдан ойыншық импорттау екенін мәлімдеді.

Комитет кейін бұл техникалық қателік екенін айтып, жіберілген салықтық талаптарды кері қайтарып алған. Бірақ осы жағдайдың кесірінен блогер стресс алып, денсаулығы нашарлап, қазір ауруханада жатыр.

Блогерлер мен салық дауы

Бұған дейін МКК 600-ге жуық блогерге салық төлемегені туралы хабарлама жіберіп, олардың жалпы қарызы 53,3 млрд теңгеге жеткенін хабарлаған еді.