Lifestyle

Gakku арнасы отандық цифрлық телевизия жүйесінен өшірілді

Gakku телеарнасы көрсетілмейді / коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Отандық Gakku музыкалық арнасы 2025 жылдың 1 наурызынан бастап «Қазақтелеком» қолданушылары үшін көрсетілмейді.

Компанияның мәліметінше, құқық иесімен жасалған келісімшарттың мерзімі аяқталғандықтан, Gakku телеарнасы «Қазахтелеком ТВ+» және iD TV қызметтерінің барлық тарифтік жоспарларынан алынып тасталады.

Gakku – отандық эстрада мен қазақ тіліндегі әндерді кеңінен насихаттайтын бірегей жоба. Эфирде тек қазақстандық орындаушылардың әндері мен концерттері көрсетіліп, көрермендерге шоу-бизнес әлеміндегі арнайы жобалар, эксклюзивті сұхбаттар ұсынылып келді.