Алматы облысының бұрынғы әкімі Аңсар Мұсаханов дүниеден өтті

Жарияланды
Аңсар Мұсаханов дүниеден озды
Аңсар Мұсаханов 2011-2014 жылдар аралығында Алматы облысының әкімі болған / Фото: Ашық дереккөз: бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Алматы облысының бұрынғы әкімі Аңсар Мұсаханов өмірден озды. Бұл туралы Сенат депутаты Жанболат Жөргенбаев өзінің әлеуметтік парақшасында хабарлады.

«Қоғам және мемлекет қайраткері, ардақты азамат, асыл дос Мұсаханов Аңсар Тұрсынханұлының дүниеден озуына байланысты қайғыларыңызға ортақтасып, көңіл айтамын», – делінген депутат жазбасында.

Аңсар Мұсаханов ветеринария маманы ретінде ауылшаруашылық саласында қызмет еткен. Әр жылдары ауыл, аудан және облыс әкімдіктерінде түрлі қызметтер атқарған.

Өзінің әкімдік қызметін 1997 жылы Жамбыл ауданындағы шағын ауылдан бастаған. 2005-2006 жылы Іле ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарған. 2006-2007 жылдары Жамбыл ауданының әкімі болып тағайындалып, екі жыл өткен соң, Қарасай ауданына ауыстырылған.

2009 -2010 жылдары Нұрсұлтан Назарбаевтың президенттік әкімшілігінде мемлекеттік инспектор қызметін атқарған. Содан кейін Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалып, бір жылдан соң, 2011 жылы облыс әкімі қызметіне ауысты.

2014 жылы әкімдік қызметтен кетіп, 6 жыл қаттарынан Сенат парламентінде депутат болды.

Сондай-ақ оқыңыз