Мемлекет меншігіндегі 466 нысан жекеге сатылса, Ұлттық қорға 1,4 трлн теңге қаражат түседі – БҚДА

Мемлекет меншігіндегі 466 нысан жекеге сатылса, Ұлттық қорға 1,4 трлн теңге қаражат түседі. Бұл туралы Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінде өткен дөңгелек үстел үстел барысында Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі (БҚДА) төрағасының орынбасары Болат Сәмбетов айтты.
Жиында депутат Бекболат Орынбеков БҚДА-ның қанша компанияны жекешелендіруді жоспарлап отырғаны, одан түсетін қаражат қанша теңгеге бағаланатынын сұрады.
«Жалпы жекешелендіруден түсетін қаражаттың барлығы Ұлттық қорға баратынын айтып жатсыздар. Осы жылдың соңына дейін жекешелендіруден Ұлттық қорға қанша қаражат түседі? 1,4 трлн теңге түседі деп жатырсыздар. Бұл қаншалықты мүмкін?», – деп сұрады депутат.
466 кәсіпорын жекешелендіріледі
Сәмбетов жалпы 466 нысан жекешелендірілетінін, олардың барлығы сатылса, мемлекеттің көретін пайдасы 1,4 трлн теңгені құрайтынын айтты. Ал нарық бұл компаниялардан бір жыл ішінде жалпы алғанда, 4 трлн теңге көлемінде табыс табады.
«466 нысанды жекешелендіруді ұсынып отырмыз. Олардың барлығының жылдық жиынтық табысы 4 трлн теңгені құрайтынын есептеп шықтық. Егер бұл кәсіпорындарды нарық сатып алатын болса, 4 трлн теңге нарыққа айналымға шығады деген сөз. Екіншіден, бұл кәсіпорындардың баланстық құнын есептеп, мемлекеттің көретін пайдасы шамамен 1,4 трлн теңгені құрайтынын болжап отырмыз», – деді агенттік өкілі.
Жекешелендіру барысы
Айта кетсек, мемлекет ЖІӨ-дегі квазимемлекеттік сектордың үлесін азайту мақсатында жекешеліндіру науқанын бастағанына талай жыл болды. Бұл процесс өте баяу жүріп жатыр.
Мәселен,