АҚШ-тың қорғаныс министрі Пентагон бюджетін қысқартуды тапсырды

Жарияланды
Пентагон құжаттарын жариялады деп айыпталған Джек Тейшейра 15 жылға сотталды
АҚШ-тың Қорғаныс министрі Пентагон шығындарын қысқартпақшы / Фото: shutterstock

АҚШ-тың Қорғаныс министрі Пит Хегсет Пентагон бюджетін қысқартуды жоспарлап отыр. Тhe Washington post басылымының хабарлауынша, министр тиісті тапсырма берген.

«Қорғаныс министрі Пит Хегсет Пентагонның жоғарғы жетекшілеріне және АҚШ-тың барлық әскери ведомстволарына алдағы бес жылда қорғаныс бюджетін 8%-ға қысқарту жоспарын әзірлеуді бұйырды», – жазады басылым өз дереккөздеріне сілтеме жасап.

Бұдан бөлек, АҚШ үкіметі шығындарды азайту мақсатында Қорғаныс саласында қызмет ететін көптеген қызметкерін жұмыстан қысқартуды көздеп отыр. Бұл мәселені Илон Маск басшылық ететін DOGE өз қадағалауына алған.

Хегсет Қорғаныс саласындағы тиімділігі төмен жобалардың қысқаратынын мәлімдеген. Министр 17 санат бойынша бюджетке қысқарту жүргізуді жоспарлап отыр. Хегсет бастамасының негізінде АҚШ-тың оңтүстік шекарасындағы операциялар, ядролық қару мен зымыранға қарсы қорғаныс құралдарын жаңғырту, суасты қайықтарын, ұшқышсыз басқарылатын ұшақтар және басқа да оқ-дәрілерді сатып алу сынды шаралардың бюджеті қысқаруы мүмкін.

Қорғаныс бюджетін қысқарту Конгрессте ішкі қарсылыққа тап болуы мүмкін деп болжайды басылым.

Мұның алдында АҚШ президенті Дональд Трамп Пентагонға миллиардтаған қаражат кетіп жатқанын, оның қайда жұмсалғаны міндетті түрде тексерілетінін айтқан болатын. Ол кезде бұл жұмыстарды Трамптың Илон Маскке тапсыратыны айтылған еді.

Сондай-ақ оқыңыз