АШМ сәбіздің қоймаларда шіріп жатқанын жоққа шығарды

Жарияланды
сәбіз
АШМ қоймаларда сәбіздің шіріп жатқаны туралы ақпаратты растамады / Фото: shutterstock; бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Ауыл шаруашылығы министрлігі қоймаларда сәбіздің шіріп жатқанын жоққа шығарды. Бұл туралы Сенат кулуарында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы айтты.

«Сәбіздің жаппай бұзылу жағдайлары анықталмады. Бірен-саран жағдайлар кездескен шығар, бірақ жаппай тіркелген жоқ. Біздің отандық нарықты толққанды сәбізбен қамтамасыз ету мүмкіндігіміз бар. Бағаның өсуіне ықпал ететін факторлар жоқ. Сәбізге тиісті фитосанитарлық сертификаттар берілмеген соң, бұзылып жатыр деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Қазіргі таңда фитосанитарлық сертификаттарға ешқандай шектеу қойылмаған», – деді министрлік өкілі.

Мұның алдында қоғам белсендісі Санжар Боқаев Солтүстік Қазақстандағы қоймаларда сәбіздің тонналап шіріп жатқанын, ал қалаларда оның келісі 320 теңгеге бағаланатынын айтқан болатын.

Боқаев сонымен бірге ауылшарушылығы саласындағы жүйелі қателіктер туралы айтып, АШМ мен Сауда министрліктерінен жағдайды реттеуді талап еткен.

Сондай-ақ оқыңыз