FlyArystan рейсінде бортсерікті ұрып, «ұшақта бомба бар» деп үрей туғызған жолаушыға үкім шығарылды

FlyArystan рейсінде бортсерікке қол көтерген және бомба туралы жалған ақпарат таратқан жолаушыға сот үкімі шықты.
Оқиға 13 қаңтарда Астана – Өскемен бағытындағы FlyArystan рейсінде болды.
Оқиға қалай болды?
Жолаушы ұшаққа мас болып кірген. Ол алдымен бортсерікті ішінен ұрып, кейін оған ескерту жасаған жолаушыға да күш қолданған. Бұдан кейін «ұшақта бомба бар» деп өзге жолаушыларды әбігерге салған. Сөйтіп, ол FlyArystan рейсінде жанжал шығарған.
Мұның кесірінен 153 жолаушы шұғыл эвакуацияланып, қайта тексеруден өткен. Жалған хабар көлік полициясы және авиакомпанияға қосымша шығын келтіріп отыр.
Прокуратура кесімі
FlyArystan рейсінде төбелес шығарған айыпталушы сотта кінәсін толық мойындады. Жәбірленушілердің, куәгерлердің және сарапшылардың қорытындылары да оның кінәсін дәлелдеп берді.
Прокурор соттан күдіктіні 3 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Қорғаушы тарап пен айыпталушының өзі бас бостандығынан айырмауды, жеңіл жаза тағайындауды өтінді.
Сот үкімі
Сот үкім шығарар алдында екі нәрсеге мән берген. Айыпталушының кәмелетке толмаған баласы болуы жазаны жеңілдететін жағдай болып есептелінді. Ауырлататыны – қылмыстың орта дәрежелі мас күйде жасалуы. Сот FlyArystan рейсінде жанжал шығарған айыпталушыны кінәлі деп тауып, 3 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Мұның алдында FlyArystan әуе компаниясының борт жолаушылары 19 сағат бойы Ақтөбеден Астанаға ұша алмай әуежайда қалған болатын.