
Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаеваның келіні, қобызшы, актриса Ақерке Бүркітбай интервьюер Тимур Балымбетовке берген сұхбатын көрермен ыстық ықыласпен қабылдап жатыр.
Балалық шақ, отбасы, өнер жолы, тұрмысқа шығу, «Құрмет» орденіне байланысты шыққан шу, халық әртісінің келіні болу, баламен үйде отыру сияқты тақырыптар төңірегінде өрбіген әңгіме барысында Ақерке көрерменді баурап алды.
Көпшілікке актрисаның ата-анасына құрметі, жарына деген көзқарасы мен қолдауы, жағдайды ақыл таразысына сала алатыны, әйгілі өнер адамының келіні атану жауапкершілігін түсіне білгені ұнады.
Сұхбатты көргендер әртістің сөз саптауы, тіл тазалығы, байсалды үні әңгіменің ажарын кіргізіп, мәнді ете түскенін айтып жатыр.
«Роза апамызға зиялы келін бұйырған екен», «Ақерке ақылды, саналы, тәрбиелі қыз екендігі көрініп тұр», «Роза Қуанышқызының келіні деп ауыз толтыра айтуға тұрарлық жан», «Жастар осындай тәрбилі әңгімелерді тыңдап, үлгі алу керек деп ойлаймын» дескен жұрт жастарға ақ тілегін жаудырып, ризашылығын білдіріп жатыр.