
Феминита ұйымының негізін қалаушылардың бірі Жанар Серкебаеваға 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Бұған дейін осындай айыппұл феминистік ұйымның тағы бір төрайымына салынған болатын.
Онлайн өткен сот процесі ұйымның инстаграмдағы парақшасында көрсетілді.
Мән-жайы
Әкімшілік құқықбұзушылық туралы мамандандырылған ауданаралық сот феминисті тіркелмеген ұйым қызметіне басшылық жасағаны үшін (Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 489-бабы 9-бөлігі) айыпты деп тауып, 100 АЕК (393 200 теңге) айыппұл салған.
Феминита ісі
Ұйымның тағы бір жетекшісі Гүлзада Сержан 19 ақпан күні туралы осы бап бойынша айыпталып, оған да осындай мөлшерде айыппұл салынған.
Оқиғаның басы
Жуырда «Феминита» ұйымы адам құқығын, оның ішінде лесбиян, бисексуал, квир және транс әйелдердің құқығын қорғау жолдарын үйрететін тренинг өткізген. Ұйымның қызметіне ашық қарсылық білдіріп жүрген Қазақстан ата-аналар одағының төрайымы Бағила Балтабаева тренингтің үстінен түсіп, арада жанжал шыққан. Оқиға орнына келген полицейлер фембелсенділерді алып кетіп, кейін босатқан. Бүгінгі сот сол оқиғалардың жалғасы болып отыр.
Феминистер өздерінің қызметіне қарсы Балтабаеваның тобы қоғамдық тәртіпті бұзғанын айтып, сот оларды жазасыз қалдырып, өздеріне айыппұл салғанына наразы.