Қытайлық ғалымдар жарқанаттан коронавирустың жаңа түрін анықтады

Жарияланды
General news бөлімінің тілшісі
Қытайлық ғалымдар жарқанаттан коронавирустың жаңа түрін анықтады/Фото: scmp.com

Қытайлық зерттеушілер жарқанаттан коронавирустың жаңа түрін анықтады. Ғалымдар жаңа вирус адамдарға жұғуы мүмкін екенін айтып отыр. Бұл туралы South China Morning Post басылымы жазды.

Зерттеуді Қытайдың жетекші вирусологы Ши Чжэнли жүргізген. Ол Ухань вирусология институтында коронавирус бойынша зерттеу жүргізіп аты шыққан дәріген.

Басылым мәліметінше, жаңа вирус HKU5 штамы тармағына жатады. Бұл вирус алғаш рет Гонконгте жапон жарқанаттарынан анықталып, Merbecovirus тобына кіргізілген.

Ғалымдардың айтуынша, вирус ACE2 рецепторымен араласып жасушаларды зақымдай алады. Бұл SAS-CoV-2 вирусына ұқсас.

Бұл вирус тек жарқанаттардың ғана емес, адамдар мен басқа да сүтқоректілердің ACE2 рецепторын да пайдалана алады. Жарқанаттардың мербековирусы адамдарға тікелей немесе аралық тасымалдаушы арқылы жұғу қаупіне ие», – делінген зерттеу есебінде.

Ғалымдар жаңа вирус эпидемия тудыруы мүмкін, бірақ қазіргі таңда алаңдауға негіз жоқ екенін айтты. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) бұл вирусты эпидемия қаупі бар патогендердің тізіміне енгізіп, оның мутациясын бақылауды ұсынған.

Коронавирус алғаш тараған Қытайдың Ухань қаласында былтырғы жылдың соңында метапневмовирусы жедел тарап, тіпті вирус Қазақстанда да анықталғаны хабарланған. Алайда сол кездегі вице-премьер Тамара Дүйсенова жаңа вирусқа бола дүрлігуге себеп жоқ екенін мәлімдеген.

Сондай-ақ оқыңыз