Жаңалықтар

Қазақстанның батысында ауа райының қолайсыздығына байланысты жолдар жабылды

Батыс жол
Фото: shutterstock

Қазақстанның батыс өңірлерінде ауа райының қолайсыздығына байланысты бірнеше жол учаскелері жабылды. Бұл туралы «Қазавтожол» хабарлады.

Маңғыстау облысы

Маңғыстау облысының «Доссор-Құлсары-Бейнеу-Сайөтес-Шетпе-Жетібай-Ақтау» бағытындағы 210-786 шақырымында түнгі 1.00-де жолдар жабылған. Бұл бағытта Атырау облысы шекарасы учаскесінен Ақтау қаласына дейін көліктің барлық түріне шектеу енгізілген. «Қазавтожол» трассаны тек таңғы сағат 9-да ашылатынын хабарлаған еді. Сонымен бірге «Жетібай-Жаңаөзен бағыты бойынша жол учаскесі, Жетібай ауылы -Жаңаөзен қаласы, Ақтау-Құрық бағыты бойынша да бірнеше учаскеде жол қозғалысы шектелген.

Атырау облысы

Атырау облысында жолдар 2025 жылдың 21 ақпанында сағат 01:30-да жабылған. Атап айтқанда, «Доссор-Құлсары-Бейнеу-Сайөтес-Шетпе-Жетібай-Ақтау» автожолының 126-210 шақырымы және Құлсары қаласынан Маңғыстау облысының шекарасына дейінгі жол учаскесінде көліктің барлық түріне шектеу қойылған. Бұл бағыттағы жол учаскелері де таңғы 9-да ашылатыны айтылған.

Өңірдегі ауа-райы

2025 жылғы 21 ақпан Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай және Маңғыстау облыстарында қар түседі.

«Ауа-райының қолайсыздығынан байланысты жүргізушілерге қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтап, жолдардағы ауа райының қолайсыздығын ескерулерін сұраймыз», – делінген Қазавтожол хабарламасында.