
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Әлнұр Мұсаев АҚШ президенті Трамптың Ресей шпионы екенін айтты. Айтуынша оның лақап аты «Краснов» болған.
Лақап аты – Краснов
«1987 жылы Мәскеуде КСРО мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің 6-басқармасында қызмет еттім. 6-басқарма жұмысының ең маңызды бағыты капиталистік елдерден кәсіпкерлерді тарту болатын. Дәл сол жылы біздің дирекция АҚШ-тан 40 жастағы бизнесмен Дональд Трампты «Краснов» лақап атымен жұмысқа қабылдады», – деп жазған ол өзінің әлеуметтік парақшасында.
Президенттер де шпион бола ала ма?
Мұсаев тіпті президенттердің өзі шпион бола алатынын айтады. Халық көбінде мемлекет басқарушыларының мұндайға баратынына сенбейді. Бірақ саяси ойын кезінде бәрі мүмкін екенін айтады.
«Арнайы қызмет саласында дәл өмірдегідей, бәрі де мүмкін. Тіпті адам сенбейтін оқиғалар да болып жатады. Мәселен, болашақ басшылардың басқа мемлекеттің ықпалында болу жағдайларын алатын болсақ, мұндай жағдай тіпті АҚШ президентімен де болуы мүмкін. Алайда биліктің қасиетті екеніне сенетін қарапайым адам, мұндайға сенбеуі мүмкін», – дейді Мұсаев.
Тіпті америкалық кинотуындыларда да президенттің сатқындығына қатысты жағдайлар кездесе бермейді. Өйткені Голливудтың өзі АҚШ президентінің шпион болуы мүмкін деген нәрсеге еш сенбейді.