8 наурызға сыйлық. Шымкенттік көпбалалы аналарға әкімдік 20 мың теңгеден береді

Жарияланды
Ұлттық қорға 1,4 трлн теңге түседі
8 наурыз мерекесіне орай көпбалалы аналарға бір реттік төлеім беріледі / Коллаж: kursiv.media; бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Шымкент қаласы мәслихатының шешімімен көпбалалы аналарға 8 наурыз мерекесіне орай 5 АЕК көлемінде бір реттік төлем беріледі. Бұл туралы Шымкент қаласының әкімдігі хабарлады.

«Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне сәйкес, 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай «Алтын» және «Күміс» алқа иегерлері, «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған аналарға 5 АЕК мөлшерінде бір реттік әлеуметтік төлем жасалады», – делінген баспасөз хабарламасында.

2025 жылы АЕК көлемі 3932 теңге көлемінде бекітілген. Сонда әрбір анаға 19 660 теңгеден беріледі.

Әкімдік мәліметінше, Шымкент қаласында 2025 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша 67 741 көпбалалы ана тұрады. Оның 13 805-і «Алтын алқа» және «Күміс алқа» белгілерін алған. Ал 4-5 баласы бар аналар саны – 53 936.

Бір реттік әлеуметтік төлем берілетін аналар автоматты түрде таңдалады. Олардың тізімін әкімдік «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорциясы КЕАҚ базасынан алады.

Сондай-ақ оқыңыз