Ақтауда солдаттардың денесі тексерілді

Жарияланды
солдаты
Медициналық тексеріс заңдылықты сақтауды жоспарлы бақылау аясында өткен /Фото: Ақтау гарнизонының әскери прокуратурасының баспасөз қызметі

Ақтауда солдаттардың денесі тексерілді. Ақтау гарнизонының әскери прокуратурасы соққы іздері бар-жоқтығын анықтамақ болған.

Лада ақпаратына қарағанда,  бұл жолы №6656 әскери бөлімінде әскери борышын өтеп жатқан солдаттар назарға алынып отыр.

Зорлық-зомбылық нышандары

Медициналық тексеріс кеше, 20 ақпанда, Ақтауда Ұлттық гвардиядағы заңдылықты сақтауды жоспарлы бақылау аясында өткен.

Оның барысында терінің саулығы, зорлық-зомбылық нышандары және жалпы денсаулығы тексерілген. Десе де, қорытындысы туралы ақпарат берілмеді.

Оққа ұшқан солдат

Ақтауда әскери бөлімдерде медициналық тексерулердің жүруі бекер емес. Мұның алдында Маңғыстау облысында қыркүйек айында солдат опат болды. «Оймаш» полигонында солдат Марат Барқұловтың басына оқ тиген еді. Анасының айтуынша, қазасынан бұрын ол туыстарынан ақша сұрапты. Солдаттың әкесі ұлына оқтың кездейсоқ атылғанына сенбейді.

Әскердегі әлімжеттік

Марат Барқұловты бетінен атқан лейтенант Дамир Досов 13 жылға бас бостандығынан айырылды.

Қорғаныс  министрінің  орынбасары Шайх-Хасан Жазықбаев «әскердегі әлімжеттіктің кесірінен солдаттар арасында өлім-жітім көбейді» деген пікірді терістеді. Бірақ Ақтауда өткен сот туралы пікір білдірмеді. Ол солдаттар арасындағы өлім-жітім деңгейін нөлге дейін түсіруге уәде беріп отыр.

Сондай-ақ оқыңыз