
Tesla 380 мың автокөлігін қайтарып алуды көздеп отыр. Өйткені, АҚШ-та рулінің күшейткішінен ақау бары анықталған.
Рулі бұрылмайды
Reuters мәліметінше, көлік иелерін шағым түсіріп, бірі рулін бұра алмағанын айтса, бірі бұрын әрең бұрғанын алға тартқан. Сондықтан Tesla 380 мың автокөлігін жөндеуге жіберуді ұйғарған.
Автокөліктердің ақауы рулінің күшейткішінде екен. Ақырын жүріп келе жатқанда, рульдің қатып қалып, апатқа ұшырату қаупі байқалған. Жүргізушілерге бұрылыс кезінде көп күш жұмсауға тура келеді. Кейде мүлде бұрылмай қалған. Сондықтан Tesla 380 мың автокөлігін қайтарып алу науқанын жария етіп отыр.
Бұл үшінші науқан
NHTSA атты америкалық реттеуші Tesla көліктерінің иелерінің шағымынан кейін бір жыл бойы зерттеу жүргізген.
Соңғы екі ай ішінде Tesla екі мәрте көліктерін қайтару туралы мәлемдеме жасады. 2025 жылдың басында көлік өндіруші артқы жағының камерасындағы түйткілдерге байланысты 239 мың автокөлікті жөндетуге жіберген болатын.
2024 жылдың желтоқсан айында компания 700 мың көлігін қайтарған. Ол кезде дөңгелектеріндегі қысымды бақылау жүйесі сыр берген еді.
Енді Tesla 380 мың автокөлігін қайтарғалы отыр. Жыл басында Tesla-ның Еуропадағы саудасы күрт төмендеп кеткен-ді.