Meta қызметкерлеріне беретін бонустарды қысқартып жатыр

Америкалық Meta компаниясы қызметкерлеріне акциялар түрінде беретін бонус төлемдерін қысқартып жатыр. Оған ЖИ-ді әзірлеуге жұмсалатын шығындардың артуы себеп болған деп жазады Financial Times дерекөздеріне сілтеме жасап.
Халықаралық басылымның жазуынша, ондаған мың қызметкерге берілетін жылдық акциялық бонустар шамамен 10%-ға азаяды. Бұл бонус түрі Мета жұмысшыларының жылдық сыйақысының маңызды бөлігін құрайды.
Meta 2024 жылдың төртінші тоқсанында таза пайдасын 1,5 есеге жуық ұлғайтып, 20,84 млрд долларға жеткізді. Ал табысы 21%-ға өсіп, 48,39 млрд долларға жетті.
Бұған дейін Марк Цукерберг инвесторлармен кездесуде 2025 жылды компания үшін бетбұрысты жыл деп атады. ЖИ саласында әлемдік көшбасшы болу үшін бар күшін салуы керек екенін айтқан.
Биыл компанияда қысқартулар жүргізіп жатқан тек Цукерберг компаниясы ғана емес. TikTok та әлем бойынша қызметкерлерін жұмыстан босатпақшы.