
Чемпиондар Лигасының жеребесі тартылды. Былтырғы чемпион «Реал» 1/8 финалда «Атлетикомен» кездесетін болды.
Жеребе тарту арқылы анықталған жұптар мынадай:
- «Брюгге» (Бельгия) — «Астон Вилла» (Англия);
- «Лилль» (Франция) — «Боруссия» (Дортмунд, Германия);
- «Реал» (Испания) — «Атлетико» (Испания);
- «Бавария» (Германия) — «Байер» (Германия);
- «Арсенал» (Англия) — ПСВ (Нидерланд);
- «Фейеноорд» (Нидерланд) — «Интер» (Италия);
- «Пари Сен-Жермен» (Франция) — «Ливерпуль» (Англия);
- «Бенфика» (Португалия) — «Барселона» (Испания).
Алғашқы ойындар 4-5 наурызда, ал қарымта матчтар 11-12 наурызда өтеді.