
Әйгілі рэпер Канье Уэст өзінің YEEZY брендінің ішкі валютасы ретінде қолданылатын YZY криптовалюталық токен шығармақшы.
Токеннің 70 пайызы Уэсттің өзінде қалады, деп жазды Coindesk. Басылым мәліметті жобаға қатысы бар үш дереккөзге сүйене отырып таратқан.
Рэпер соның көмегімен Shopify секілді платформаларды басып озғысы келеді, өйткені ол кезінде сол жерден дөрекі сөйлегені үшін қуылған.
Токеннің нақты қашан жарыққа шығатыны әзірге белгісіз. Бірақ қазірдің өзінде криптовалютаға болжам жасаумен айналысатын Polymarket бәс қабылдап жатыр. YZY ақпанның аяғына дейін шығады/шықпайды бәсіне тігілген ақша 10 млн доллардан асып кеткен.