
Канадалық Cameco уран өндіруші компания АҚШ президенті Дональд Трамп тарифтерді 10%-ға көтерсе, уран бағасы күрт көтерілуі мүмкін екенін ескертті деп хабарлайды Reuters.
Трамп 4 наурыздан бастап Канада импортына 10 пайыздық баж салығын салуды көздеп отыр.
АҚШ энергетика басқармасының мәліметінше, 2023 жылы Құрама Штаттар уранды Канададан (27%), Қазақстан мен Аустралиядан (22%-дан) экспорттаған.
«Канада импортына 10% баж салығы енгізілер болса, онда уран бағасы да 10%-ға көтеріледі», – дейді Cameco компаниясының қаржы директоры Грант Айзек.
Топ-менеджердің пікірінше, Канада ғана емес, тарифке қатысы жоқ басқа да елдер уран бағасын көтереді.
«Солтүстік Америка еркін сауда аймағы болудан қалды. Оңтүстіктегі көршіміз жәшіктен балға алып шығып, соны тарифтерді көтеру үшін қолдануға көшті», – дейді Айзек Reuters агенттігіне.
Қазақстан әлем нарығына шығатын уранның шамамен 40 пайызын беріп отыр.
Бұған дейін Kursiv.Media әлемде атом энергетикасына сұраныс күрт артып, Батыстағы энергетикалық топтар реакторларына қажетті уран тапшылығын көре бастағанын жазған.