“Шағын бизнес жабылады” – 16% ҚҚС төлеуге мүмкіндік жоқ (видео)

Жарияланды (жаңартылды )
Youtube бөлімінің тілшісі
16% ҚҚС төлеуге бизнестің мүмкіндігі жоқ
16% ҚҚС төлеуге бизнестің мүмкіндігі жоқ / Фото: kursiv.media мұрағаты

Қосылған құн салығы ставкасы 16%, ал тіркеу шегін 15 млн теңге көлемінде ұсыну бизнеске ауыр тиіп отыр. Жеке кәсіпкер ретінде жеңілдетілген салық режимімен 3% төлеп жүрген бизнестің бірден 16% төлеуге күші жетпейді

«Бізде 16% төлеуге мүмкіндік мүлде жоқ. Пандемиядан кейін шағын және микробизнес енді 3% төлеп, көлеңкеден шыға бастағанда 16% төлеуге келіспейді. Айналып келгенде, қарапайым халық зардабын шегеді. Біздің жалға алу мен коммуналдық шығындар, жұмыскерлер табыс салығы, құн салығын төлеп отырмыз, шикізат сатып аламыз, сонда бізге не қалады? Біз соңғы тауардың бағасын көтеруге мәжбүр боламыз. Ал ол кезде Қытайдың арзан контрафактілі тауарымен бәсекеге түсе алмаймыз. Шағын бизнестің көбі жабылады», – дейді тігін цехінің иесі Айнұр Иманбекова. 

Салық сарапшысы Жанар Қожабаеваның айтуынша, айналымы 15 млн теңгеден асатын барлық ҚҚС тіркеуге тұру керек болады.  

«Кез келген саладағы бизнес немесе фрилансердің  жылдық табысы 15 млн теңгеден асса болды, айналымнан 16 пайыз төлеуге тиіс болады.Бұл өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар үшін қиын. ҚҚС айналымнан төлейтін салық емес»,- дейді Жанар Қожабаева. 

KURSIV MEDIA YouTube арнасы ҚҚС көтерілуі халыққа және бизнеске қалай әсер ететіні туралы арнайы репортаж әзірледі. Көріп, пікір жазып, өз ұстанымыңызды білдіріңіздер! 

Сондай-ақ оқыңыз