2025 жылы Қазақстан мен Қытай үш логистикалық терминалды іске қосады

Жарияланды
Күндізгі жаңалықтар редакторы
Фото: kursiv.media архивінен

Биылғы жылы Қазақстан мен Қытай үш логистикалық терминалды іске қосады. Бұл туралы «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаевтың Шэньси провинциясының губернаторы Чжао Ганмен кездесуінен белгілі болды.

Кездесу барысында тараптар бірлескен логистикалық жобалардың болашақтағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады.

Талқыланған мәселелер:

Үш жаңа жоба іске қосылады. Олар:

  • Алматы қаласындағы жаңа логистикалық кешен (ГТС-2),
  • Мәскеу облысындағы Селятино станциясында орналасатын CRK Terminal логистикалық орталығы
  • Әзербайжандағы Алят портының терминалы  

2025 жылы Шэньси провинциясы Қытай – Еуропа бағытындағы контейнерлік пойыздардың дамуына 2,5 млрд юань инвестиция бөледі. Қазақстан аумағы арқылы транзитпен 3000 контейнерлік пойыз жөнелтіледі.

Қытайдың Қазақстандағы Туризм жылын қолдау аясында Сиань – Алматы бағыты бойынша алғашқы жолаушылар туристік пойызы іске қосылады.

Бұдан бөлек, Қытай – Еуропа бағыты бойынша Транскаспий халықаралық көлік дәлізі (ТМТМ) арқылы мерейтойлық контейнерлік пойызды жөнелту рәсіміне дайындық және Сиань қаласында өтетін халықаралық көлік-логистика форумдарына Қазақстан тарапынан қатысу мәселелері қаралды.

Еске сала кетер болсақ, 2024 жылы Қазақстан мен Қытай арасындағы екіжақты сауда көлемі 43,8 млрд АҚШ долларына жеткен. Қазақстанның Қытайға экспорты 15,8 млрд АҚШ долларын құрап, бір жылда 9% өсті.

Сондай-ақ оқыңыз