Ауа райының бұзылуына байланысты Ақмола, СҚО облыстарында жол жабылады

Ауа райының бұзылуына байланысты Ақмола, СҚО облыстарында республикалық автожолдарда көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылып, жол жабылады. Шектеу 22 ақпан сағат 10:30-дан 23 ақпан сағат 07:00-ге дейінгі аралыққа жоспарланған. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.
Көліктердің қозғалысына шектеу қойылған жолдар
Ақмола облысы: – «Астана-Атбасар-Жақсы-Рузаевка-Сарыкөл-Қостанай-РФ шекарасы» автожолының 856-915 шақырым аралығындағы учаскеcінде (СҚО шекарасы -Жақсы ауылы);
Солтүстік Қазақстан облысы: – «Астана-Атбасар-Жақсы-Рузаевка-Сарыкөл-Қостанай-РФ шекарасы» автожолының 846-856 шақырым аралығындағы учаскеcінде (Ақмола облысы шекарасы -Тахтаброт ауылы бұрылысы);
Күні кеше Батыс Қазақстан облысында да жолға шектеу қойылған еді. Өңірде жауған қар мен желдің екіпінінен жол бойын көру мүмкін болмаған.