Lifestyle

Cobalt-тың қандай кемшіліктері бар

Cobalt-тың қандай кемшіліктері бар
Cobalt-тың қандай кемшіліктері бар/Фото: сommons.wikipedia.org, бильд-редактор: Дастан Шанай

Chevrolet Cobalt нарықтағы ең танымал модельдердің бірі. Дегенмен, бұл сенімді көліктің де әлсіз тұстары бар. Курсив авто иелері жиі ұшырасатын негізгі проблемаларды тізіп шықты.

Жүрген Chevrolet Cobalt-тың басты кемшіліктері

Көптеген Cobalt иелері көліктің сенімділігін, сына бермейтінін атап өтеді. Алайда бұл халық арасында кең танылған седанның кейбір конструкциялық ерекшеліктері бар, оларды сатып алудан бұрын ескерген жөн.

  • Орталық құлыптың істен шығуы. Уақыт өте келе қашықтан басқару пульті істемей қалады, ал диагностика оның нақты себебін көрсете бермейді. Шешімі – орталық құлып блогын ауыстыру.
  • Шығарылған газды қайта айналдыру клапаны (EGR). P0405 қателігі – бұл көліктегі ең жиі кездесетін мәселе. Мұны шешу үшін контактілерді тазартып көруге болады, бірақ Chevrolet Cruze-ге арналған баламасымен алмастыра салған жөн, өйткені ол арзанырақ.
  • Салон пластигінің тез тозуы. Өндірушілер материалдарға үнемдегеннің салдарынан аспаптар панелі мен қаптамалар күн сәулесінің әсерінен жылдам өңін жоғалтады. Оны торпедоға арналған жабын немесе арнайы бояу арқылы шешуге болады.
  • Кондиционер және терезелердің булануы. Желдету жүйесіндегі ақаулардың салдарынан терезелер жиі буланады. Сонымен қатар, Cobalt-тағы кондиционер аса сенімді емес, фреон ағып кететіндіктен жиі істен шығады.
  • АКБ шамының жануы. Батарея индикаторы жиі жанып қалуы мүмкін. Көбінесе, бұл генератордың кернеу реттегіш релесінің ақауына байланысты (шешімі шамамен 10 мың теңге).
  • Қатты шу мен діріл. Шулы роликтер, адсорбер клапанының тырсылдауы мен қозғалтқышты оталдырғандағы гидрокүшейткіштің гуіліCobalt-ке тән дыбыс, бірақ олар көліктің жұмысына айтарлықтай әсер етпейді.
  • АКПП салқындату жүйесіндегі сұйықтықтың ағып кетуі. Қосылу орындарындағы ақау салдарынан сұйықтық ағып кетуі мүмкін, бұл көбіне трубкаларды ауыстыруды немесе майға төзімді шлангтармен уақытша жөндеуді қажет етеді.

Drom.ru сайтындағы жүргізушілер жиі сынатын есік тұтқалары мен ескірген сыртқы дизайнына да шағымданады. Кейбіреулер қосалқы бөлшектерді табу әрдайым оңай емес екенін атап өтеді.

Бұған дейін, елдегі ең танымал модельдің саудасы елеулі төмендегенін хабарлағанбыз.