Алматыда қойма өртеніп 300 шаршы метр аумаққа тараған

Жарияланды
General news бөлімінің тілшісі
Алматыда қойма өртенді
Алматыда қойма өртенді/Видеодан кадр

Алматы қаласы Әуезов ауданы Төле би көшесі бойында орналасқан қойма өртке оранды, деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.

Құтқарушылар өртті 280 шаршы метрде оқшаулаған.

Өрт сөндіру бөлімшелері көршілес жиһаз цехы мен техникалық қызмет көрсету станциясына оттың таралуының алдын алған.

ТЖМ күштеру өртті сөндіріп, қайта тұтану ошақтарының алдын алу үшін конструкцияларды талдау және су төгу бойынша жұмыстар жүргізіп жатқаны хабарланды.

Оқыс оқиғадан ешкім зардап шекпеген.

Сондай-ақ бүгін Астанадан Ақтауға ұшқалы тұрған бортта жолаушы сөмкесінен өрт шығып, рейс кейінге қалдырылған.

Сондай-ақ оқыңыз