
Қазақстан осы күндері белсенді циклон ықпалында болатындықтан, ел аумағында шұғыл континетті ауа райы байқалады. Қалалар бойынша ауа температурасының айырмашылығы 27 градусқа дейін жетеді.
Мәселен, Таразда ертең күндіз ауа температурасы 17 граудусқа дейін көтерілсе, Петропавлда 10 градусқа дейін аяз болады.
Астанада ауа температурасы күндіз -1+1 °C, түнде -8-10 °C болады.
Алматыда күн ала бұлтты, күндіз +12+14 °C жылы, түнде -1-3 °C нөлден төмен.
Шымкентте жаңбыр жауады. Күндіз +11+13 °C, түнде +4+6 °C жылы.
Ақтауда күндіз -1-3 °C, түнде -5-7 °C суық.
Ақтөбеде қар жауады. Күндіз -6-8 °C, түнде -10-12 °C аяз.
Атырауда да қар жауады деп күтіліп отыр. Күндіз -4 -6 °C, түнде -10 -12 °C суық.
Жезқазғанда қар. Ауа температурасы күндіз 0, +2 °C, түнде -3-5 °C.
Қарағандыда күндіз 0, +2 °C жылы, түнде -7-9 °C суық. Күн ашық.
Көкшетауда күн ала бұлтты. Күндіз -4-6 °C, түнде -8-10 °C аяз.
Қонаевта күндіз +10+12 °C, түнде -1-3 °C.
Қостанайда қар жауады. Күндіз -6-8 °C, -10-12 °C аяз.
Қызылордада жаңбыр. Күндіз +2+4 °C, түнде 0,+2 °C.
Павлодарда күн бұлтты. Күндіз -3-5 °C, түнде -13-15 °C.
Петропавлда күндіз -8-10 °C, түнде -13-15 °C аяз.
Семейде күндіз 0,-2 °C, түнде -10-12 °C суық.
Талдықорғанда күндіз +8+10 °C, түнде -10-12 °C болады.
Таразда күндіз +15+17 °C, түнде +3+5 °C жылы, жаңбыр жауады.
Түркістанда да жаңбырлы. Күндіз +11+13 °C, түнде +4+6 °C жылы болады.
Оралда қар жауабы. Күндіз -5-7 °C, түнде -11-13 °C аяз.
Өскеменде күндіз 0,-2 °C, түнде -16-18 °C аяз.
Солтүстік аймақтардағы бұрқасыннан, Қостанай облысында 100-ге тарта адам жолда қалып қойған болатын.