
Саудия астанасы Эр-Риядта спортсүйер қауым көптен күткен бокс кеші өтті. Басты жекпе-жекте жартылай орта салмақтағы әлемнің абсолютті чемпионы атағы сарапқа салынып Дмитрий Бивол Артур Бетербиевтен басым түсті.
12 раундқа жалғасқан жекпе-жек Биволдың басымдығымен басталып, кейін Битербиевтің белсенді әрекеттеріне ойысты. Кездесудің орта шегінен кейін Бивол қайда қысым көрсете түсіп, онысын финалдық гонгқа дейін сақтады.
Ақырында кездесу төрешілердің басым шешімімен Биволдың пайдасына аяқталды. Есеп: 114-114, 116-112, 115-113. Осылайша, Бивол Бетербиевтен есе қайтарып, жартылай орта салмақтағы WBC, IBF, WBO, WBA белбеулеріне ие болды.
Айта кетейік, боксшылардың алғашқы кездесуінде Битербиев жеңген болатын
Бұған дейін, отандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы чемпиондық атағын алғаш рет елде қорғайтыны хабарланған.