Астанадан Ақтауға ұшқалы тұрған FlyArystan бортындағы жолаушы сөмкесінен өрт шықты

FlyArystan әуе компаниясының Астана – Ақтау бағытындағы FS 7375 рейсін орындау барысында әуе кемесінің жоғарғы жүк сөресінде жолаушының сөмкесінен өрт шықты. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.
Әуекомпанияның бортсеріктері өртті жедел сөндіріп үлгерген.
«Бортта 182 жолаушы болды. Әуе кемесі ұшу пунктіне оралып, қону штаттық режимде жүзеге асырылды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталғаннан кейін қосымша ақпарат беріледі» делінген компания хабарламасында.
Рейс Астана уақыты бойынша 17:10-ға ауыстырылды. Барлық жолаушыларға билеттерін тегін қайта брондау немесе ақшасын қайтару мүмкіндігі ұсынылған.
Жуырда аталған әуе компаниясының рейсінде бортсерікті ұрып, «ұшақта бомба бар» деп борттағыларды дүрліктірген жолаушыны сот 3 жылға бас боастығынан айырған.