Жаңалықтар

Пойыз жолсерігі өнерпаздармен бірге «Адай» күйін орындап жолаушылар ықыласына бөленді

Пойыз жолсерігі өнерпаздармен бірге «Адай» күйін орындап жолаушылар ықыласына бөленді
Пойыз жолсерігі өнерпаздармен бірге «Адай» күйін орындап жолаушылар ықыласына бөленді/Фото: «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі

№25/26 «Шымкент-Алматы» пойызының жолаушылары ерекше музыкалық сәттің куәсі болды. Пойыз жолсерігі домбыраны қолға алып, «Қарақат» студиясының тәрбиеленушілерімен бірге аңызға айналған «Адай» күйін орындады, деп хабарлады «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі.

Музыкалық өнерге жақын жас жолаушылардың қатарында «Қарақат» студиясының талантты шәкірттері болған. Олар Алматыда өтетін беделді «JorgaFest» байқауына қатысуға бара жатқан. Бұл фестиваль елдің түкпір-түкпірінен жиналған үздік орындаушыларды біріктіретін маңызды шара.

«Жолсерік бала кезінен домбырамен күй шертіп, бұл өнерді өз әулетіндегі үлкендерден үйренген. Домбыра – оның жанына жақын, ата-бабадан мирас болған қастерлі мұра. Ұлттық өнерге қызығушылық танытқан жас жолаушылардың күй орындау шеберлігін көріп, музыка дәстүрінің жалғасып жатқанына ол ерекше қуанғанын жеткізді» делінген баспасөз хабарламасында.

Жолсерік пен жас өнерпаздардың жоспарланбаған концерттік номері жолаушыларды сүйсінтіп, жақсы көңіл-күй сыйлаған..

Жолаушылар тасымалы қызметі теміржол – тек жолаушыларды діттеген жеріне жеткізетін көлік қана емес, сонымен қатар танысып, демалып, еркін әңгіме құруға мүмкіндік беретін ерекше орта екенін айтады.

Өнер қашан да адам жанын жадыратып, ерекше күй сыйлайды. Осы орайда алдағы аптата қандай іс-шаралар болатынын тізеп шыққанбыз.