Қабатов, Jeltoqsan, Майғазиев – алдағы аптада қандай іс-шараға баруға болады

Жарияланды 23 Ақпан 2025 10:01

Айшолпан Керім

Айшолпан Керім

Қабатов, Jeltoqsan, Майғазиев – алдағы аптада қандай іс-шараға баруға болады
Қабатов, Jeltoqsan, Майғазиев – алдағы аптада қандай іс-шараға баруға болады/Коллаж: KursivMedia

Келесі апта – шуақты көктем басы. Көктемде күллі ғалам құлпырып, адам бойын да бір жеңілдік сезімі билейді. Көбірек ән айтып, көбірек билегің келеді. Жылы мезгілдің бірінші аптасы сондай көңілді кештерге толы болмақ. Арнайы топтама әзірледік. 

Сәкен Майғазиев

Ақтау қаласы

25 ақпан

Сәкен Майғазиев биыл сүйікті тыңдарманымен бірге 50 жылдық мерейтойын тойламақ. Тойдың басы басталып та кетті. Әнші өткен аптада Қызылордаға барып концерт қойса, алдағы аптада мерейтойлық концертімен Ақтау жұртын қуантады. Бұл аналар мен аруларға арналған кеш болмақ.

Әншінің өзі бұл кеш нәзік жандарға деген алғыс, махаббат пен құрметтің нағыз мерекесі болады деп отыр. «МузАрт» тобының белді әншісі тыңдармандарына жүрекке жылы әндерін, жан тебірентер әуендерін және жаңа шығармаларын ұсынады.

Концерт бағдарламасында сүйікті хиттер, ерекше дуэттер және тосын сыйлар бар. Кеште халықтың сүйіктісі – «МузАрт» тобы, Мәдина Сәдуақасова мен Shahrizada өнер көрсетеді.

Концерт Ақтау қаласындағы Н. Жантөрин атындағы драма театры залында өтеді. Әнші Ақтау халқы үшін де екі рет концерт қояды. Біріншісі 16:00-де басталса, екіншісі 19:30-да басталады.

Билеттерді Ticketon.kz сайтынан таба аласыз.

Keide концерт-спектаклі

Қарағанды қаласы

25 ақпан

Адам кейде жалығады, мұңаяды, кейде қуанышқа бөленсе, кейде көл-көсір болып жылап та қалады. Кейде төбесі көкке жеткендей шаттанады, кейді адамның бойын ашу билейді, ал бірде ренжіп те қалады. Алайда бәрі бірдей және үнемі сол сезімдерді сыртқа шығаруға бекіне бермейді. Бәрі бірдей батыл емес. Кей адамдар бар сезімін жасырып, іштей тынып қоя береді.  «Keide» сол адам жақ ашып ешкімге айтылмайтын, тек кейде-кейде ашылатын сырлар жайлы. 

Бұл сырларды естігенде бәлкім сіз өзіңізді тыңдағандар боларсыз. Қызық па? Ендеше 25 ақпан күні өтетін концерт-спектальге асығыңыз. 

Кеш Қарағандыдағы Сәкен Сейфуллин атындағы театрдың үлкен залында өтеді. Басталуы: 18.30. 

Билеттерді Ticketon.kz сатып ала аласыз.

Jeltoqsan-ның жеке ән кеші

Атырау қаласы

27 ақпан

Әндерінің салмағы бар, тарихи мән мен философияға толы туындылардың орындаушысы Jeltoqsan – жастардың сүйіктісі. Оның әуезді әндері тұңғиық сезімге де тола. 

25 ақпан күні әнші тыңдарманын музыка әлемінің сиқырлы атмосферасына енуге шақырады. Жан тербейтін гитара үнінен ләззат алып, әншінің ырғақты әрі қуатты әндеріне қосыла билеп, қыстың соңғы күндерін әндете шығарып салыңыз.

Сүйікті әндерді жаңа форматта тыңдап, шынайы эмоциялар мен жылы атмосфераға толы кеш өткізуге шақырамыз. Кеш Атырау қаласы, Қаныш Сәтпаев даңғылы 2 мекенжайы бойынша өтеді.

Билет сатып алу үшін Ticketon.kz сайтына өтіңіз.

Ozge music музыкалық кеші

Астана қаласы

28 ақпан 

Сиқырға толы шығыс әлеміне саяхаттауға дайынсыз ба? «ÖzgeMusic» оркестрі «Vostok FM» атты жаңа бағдарламасын ұсынады.

Концертте барып, жай ғана музыка тыңдап қайтамын деп ойласаңыз, қателесесіз. Бұл нағыз басқа әлемге саяхат жасау мүмкіндігі болады, кеште әрбір нотаға жан бітеді десек те артық емес. Сиқырлық пен жан жылуына толы әуендер, жанды ырғақтар мен ғажайып атмосфера көрерменді тамаша әлемге баурайды.

Осынау таңғажайып кешке келіп, эмоцияға бөленіп, шабыт алып қайтыңыз. Талантты вокалистер мен үлкен симфониялық оркестрдің орындауындағы ең үздік шығыс хиттерін орындалатын кештен қапы қалмаңыз. 

Басталуы сағат 19:00-де.

Билет сатып алу үшін Ticketon.kz сайтына өтіңіз.

Тұрсынбек Қабатов «45 жас» концерті

Астана қаласы

2 наурыз

Тұрсынбек Қабатов мансабын актер және тележүргізуші ретінде бастап, комедиялық шоулар мен қойылымдарға қатысу арқылы танымал болды. Ол өзінің бірегей әзіл стилі мен әртүрлі аудиториямен ортақ тіл табыса білетінінің, ерекше қабілетінің арқасында беделді болды.

Оның монологтары ауыздан-ауызға тарап, репликалары көптің жадына сіңіп үлгерді. Жұрт оның қойылымдарын жатқа біледі, мереке күндері әлі күнге теледидарды қосып, «Бүгін Тұрсынбектің концертін көрсететін болар?» деп, көк жәшікке телміретіндер де көп. 

Оны халыққа осынша жақын еткен, әрине, оның әзілдерінің қарапайым халық жайлы болғаны, біз туралы болғаны. Оның аудиториясы да қызық. Өзі 45-ке келсе де, Тұрсынбекті жас балалар да, орта буын да, қарттар да жақсы көреді. Сондықтан жақында Астана қаласында өткелі отырған концертіне билет тез сатылып кетсе де, таңғалмаймыз. 

Көктемнің алғашқы күндерінде Астанадағы орталық концерт залында сүйікті әзілкештеріңіз жаңа бағдарламамен шығармашылық кеш өткізбек. Әртіс елордалықтар үшін екі күн қатарынан 2 және 3 наурыз күндері концерт береді. Онысы түсінікті-ақ. Тұрсынбектің әзілін тыңдағысы келетіндер көп. Сондықтан сіз де билет алуға асығыңыз. 
Билеттер әдеттегідей Ticketon.kz сайтына жүктелген.

Сондай-ақ оқыңыз