USAID мыңдаған қызметкерін жұмыстан шығарып, қалғанын демалысқа жібереді

Жарияланды
General news бөлімінің тілшісі
USAID мыңдаған қызметкерін жұмыстан шығарып, қалғанын әкімшілік демалысқа жібереді
USAID мыңдаған қызметкерін жұмыстан шығарып, қалғанын әкімшілік демалысқа жібереді

АҚШ-тың Халықаралық даму жөніндегі агенттігінің (USAID) 2000 қызметкері жұмыстан шығарылады, ал қалған штаттық қызметкерлердің басым бөлігі демалысқа жіберіледі. Бұл туралы қызметкерлерге электрондық хат арқылы хабарланды, деп жазады CNN.

«USAID-тің негізгі басшылық пен арнайы тағайындалған бағдарламаларға жауапты қызметкерлерінен басқа тікелей жалданған қызметкерлері бүкіл әлем бойынша әкімшілік демалысқа жіберіледі», – делінген CNN-ге жолданған хатта.

Әкімшілік демалыс жексенбі күні 23:59 ET уақытында күшіне енеді.

«Сонымен қатар, USAID қызметкерлерін қысқартып бастап, бұл шамамен 2000 қызметкерге әсер етеді«, – деп жазылған хатта.

Жұмыстан босатылғандарға жексенбі күні арнайы хабарлама жіберілсе, қажетті қызметкерлер 17:00 ET уақытына дейін хабардар етілетіні айтылды.

USAID қызметкерлерін қамтитын кәсіподақтардың бірі – Америкалық дипломатиялық қызмет қауымдастығының (AFSA) президенті Том Язджерди бұл шешімге наразылық білдірді.

«Біздің адал мемлекеттік қызметкерлерімізді белгісіз жағдайда қалдырған әкімшіліктің асығыс әрі сезімсіз шешіміне қатты қынжыламыз», – деді ол.

CNN-нің хабарлауынша, жұма күні федералдық судья агенттік қызметкерлерін жаппай жұмыстан шығаруға уақытша тыйым салған шешімді жойғаннан кейін, Трамп әкімшілігі сенбі-жексенбі күндері агенттікті «тазалауды» жалғастырған.

АҚШ үкіметі бұған дейін ұйымның қаржылық шығындарын қайта қарастырып, кей жобаларды «қауіпті» деп тапқан.

Kursiv.media агенттіктің айналасында болып жатқан өзгерістер ұйымның Қазақстандағы серіктестерінің қызметіне қаншалықты әсер ететініне қатысты сұрау жіберіп қойды.

Сондай-ақ оқыңыз