ШҚО-да тағы екі аудан жаңа жұмыс кестесіне ауысты

Жарияланды
General news бөлімінің тілшісі
ШҚО-да тағы екі аудан жаңа жұмыс кестесіне ауысты
ШҚО-да тағы екі аудан жаңа жұмыс кестесіне ауысты

Бүгіннен бастап Шығыс Қазақстан облысының Марқакөл және Үлкен Нарын аудандары жұмыс күнін таңғы 8-де бастап, 17:30-да аяқтайтын болды. Түскі үзіліс уақыты да өзгеріп, 12:00-ден 13:00-ге ауысты, деп хабарлады өңірлік коммуникациялар қызметі.

Әкімдік түсіндірмесі

Жергілікті әкімдіктердер үш ауданның жұмыс уақытының өзгеруіне күннің ерте атып, ерте батуы себеп болғанын айтады. Бұл жергілікті тұрғындарға жарық мерзілді тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

«Бұл шешім халықпен талқылағаннан кейін қабылданды, шешімді жергілікті тұрғындар қолдады. Сонымен қатар, бұл бастаманы өңірлік басқарма басшыларынан құралған мобильді топ жергілікті жерде талқылады», – делінген хабарламада.

Бұған дейін, ШҚО-дағы Қатонқарағай ауданы жаңа жұмыс кестесіне өткенін хабарлағанбыз.

Қазіргі уақытта үш аудандағы 40 мемлекеттік мекеме жаңа жұмыс кестесіне көшкен. Ал мектептер, балабақшалар мен медициналық ұйымдар қызметін бұрынғыдай таңғы 8-ден бастай береді.

Жуырда мәжіліс депутаты Ринат Зайытов ютуб арналардың біріне берген сұхбатында көктемде бұрынғы уақыт белдеуі қайтарылатынын мәлім еткен.

Сондай-ақ оқыңыз