
Freedom Finance Global сарапшысы Аңсар Әбуевтің пікірінше, наурыз айында доллар бағамы 510 теңгені құрап, ал жазға қарай 530 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін.
Сарапшының айтуынша , салық кезеңінің аяқталуы теңгенің уақытша нығаюына әсер етеді. Сонымен қатар, Ресей, Украина және АҚШ арасындағы келіссөздерде айтарлықтай өзгерістер жоқ, бұл да валюта нарығында тұрақтылықты сақтап отыр.
Жазда доллар бағамы 530 теңгеге дейін өсуі мүмкін
Көктемнен кейін маусымдық факторлардың әсерінен теңге әлсіреп, доллар қымбаттай бастайды. Әдетте, жаз айларында импорттық тауарларға сұраныс артып, шетел валютасына қажеттілік көбейеді, бұл теңгенің әлсіреуіне себеп болады.
Сарапшы ҚР Ұлттық банкі нарықтағы жағдайды реттеу үшін доллар сататынын айтады. Бірақ ресми түрде интервенция жасалмаса да, экспорттаушылар 2024 жылдың төртінші тоқсанынан бері шетел валютасының 50%-ын міндетті түрде сатуы тиіс, бұл теңгені қолдауға көмектеседі.
Аңсар Әбуов доллар бағамына әсер ететін бірнеше бар бар екенін айтады. Олар
- Ұлттық банк әрекеті – интервенциялар, базалық ставканы өзгерту, шетел валютасын сату.
- Маусымдық өзгерістер – жылдың басында теңге күшейеді, жазда әлсірейді.
- Әлемдік доллар индексі (DXY) – егер жаһандық нарықта доллар күшейсе, теңге әлсіреуі мүмкін.
- Қазақстан экономикасының жағдайы – инфляция, ЖІӨ (ВВП), төлем балансы, ақша-несие саясаты.
- Мұнай бағасы – Қазақстан мұнай экспорттаушы ел болғандықтан, оның бағасы да теңге бағамына әсер етеді.
- Геосаяси оқиғалар – Украина мен Ресейдегі жағдай, санкциялар және жаһандық саясат.
Теңге бағамын болжау оңай ма?
Kursiv Research зерттеуіне сәйкес, теңге бағамына бір ғана фактор емес, бірнеше фактор қатар әсер етеді. Мысалы, мұнай бағасы, ресей рубльі және АҚШ долларының индексі әртүрлі кезеңдерде теңгеге әртүрлі ықпал етеді. Сондықтан тек бір факторға сүйеніп, нақты болжам жасау мүмкін емес.
Қазіргі уақытта KASE биржасындағы доллар бағамы – 502,89 теңге. Алдыңғы аптада теңге біршам нығайды.