2025 жылы Пасха мейрамы қашан өтетіні белгілі болды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Пасха мейрамы қашан өтетіні белгілі болды / фото: shutterstock

Христиан әлеміндегі ең маңызды діни мейрамдардың бірі – Пасха биыл 20 сәуірде тойланады. Бұл туралы ҚР Метрополиті хабарлады. 2025 жылы православтар мен католиктер Пасханы бір күнде атап өтеді, бұндай сәйкестік соңғы рет 2017 жылы болған.

Пасханың күні неге жыл сайын өзгереді?

Пасха мейрамы жыл сайын әр түрлі күнге түседі, себебі ол күнтізбелік есептеулерге байланысты анықталады.

Православ шіркеуі юлиан күнтізбесін қолданады, сондықтан олардың мейрамдары ескі дәстүр бойынша есептеледі. Ал католиктер григориан күнтізбесіне сүйенеді, сол себепті олардың Пасхасы әдетте ертерек тойланады. Бірақ кей кездері есептеу жүйесі бір күнге сәйкес келіп, екі христиандық бағыттың өкілдері бұл мейрамды бірге атап өтеді.

Христиандар Пасхаға қалай дайындалады?

Пасхаға дайындық жеті аптаға созылатын оразадан басталады. Бұл кезеңде христиандар қатаң діни талаптарды сақтайды:

  • Белгілі бір тағамдардан бас тартады,
  • Күнделікті дұға етеді,
  • Шіркеу рәсімдеріне белсенді қатысады.

Пасха қарсаңындағы сенбіде христиандар түнгі құлшылыққа (всенощное бдение) жиналып, мерекелік асқа арналған боялған жұмыртқалар, ірімшік пасхасы және куличтерді дайындайды.

Бұған дейін, мұсылмандардың қасиетті Рамазан айы 2025 жылы 1 наурызда басталатыны туралы жазған едік. Сондай-ақ, Қадір түні 26-27 наурызға, ал Құрбан айт 6-8 маусым аралығына түседі.

Сондай-ақ оқыңыз