Пилоттық режимде іске қосылған MedTech жобасы. 1 минутта медициналық тексерістен өткізеді

Жарияланды
Med365 компаниясы қосқан автоматтандырылған жүйе жұмысының нәтижесі қандай? Фото: shutterstock; бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Med365 компаниясы Қарағанды облысында MedTech пилоттық жобасын іске қосты. Бірнеше жыл бұрын стартап ретінде басталған бұл жобаның қазіргі таңдағы медицина саласындағы жетістіктерімен Med365 жобасының жетекшісі Шыңғыс Құлахметов бөлісті.

Стартап ретінде басталған жоба

Құлахметовтың айтуынша барлығы 2018 жылы стартпа ретінде басталған.

«2018 жылы Алматы әкімдігі автобус жүргізушілерін медициналық тексеруден өткізу процесін автоматтандыру мәселесін қарастырып жатты. Автобус парктерінен күнде сағат таңғы 5-те 600 жүргізуші жолға шығатын. Заң талаптары бойынша, олар жұмысқа кіріспес бұрын медициналық тексерістен өтуі керек еді. Алайда медицинадық қызметкерлер бір мезетте снша адамды тексерістен өткізуі қиынға соқты. Бұл талап міндетті түрде орындалуы керек. Өйткені дәрігерлер жүргізушілердің арақ немесе есірткі қолданбағанын анықтауы керек. Сол кезде осы мәселені шешімі ретінде медициналық тексерісті автоматтандыруды ұсындық», – дейді Шыңғыс Құлахметов.

Жүйе қандай проблемаларды шешті?

Нақты айтқанда, компания автоматтандырылған медициналық тексеріс жүйесін іске қосқан. Med365 компаниясы бұл үшін арнай құрылғы әзірлеген. Ол құрылғы биометриялық тексеріс жасап, адамның көзінен оның қаншалықты шаршағанын, қан қысымын, жүрек соғысын анықтай алады. Құрылғы көрсеткіштерінің негізінде бұл адамға жұмыс істеуге бола ма, жоқ па анықтайды. Ал тексеріс жүргізуге небары 1 минут уақыт кетеді.

Сонымен бірге құрылғы қағазбастылықтан арылтқан. Әдетте медициналық қызметкер жүргізушілерді тексеріп болған соң, 3 журналды қатар толтыруы керек болған. Ал қазір ешқандай қағаз толытырлмайды. Барлығын жүйе өзі орындайды.

«Автоматтандырылған бұл жүйе бірінші кезекте өндірістік апаттардың алдын алады, сонымен бірге денсаулығында қандай да бір кінәраты бар адамды ерте анықтап, оның дертін алдын-ала емдеуге жол береді. Сонымен қатар дәрігерлері тапшы ауылдық жерлерде медициналық проблемаларды шешуге мүмкіндік береді», – дейді компания өкілі.

Жоба кәсіпорындарда дәстүрлі медициналық тексеріс процесін жеңілдетуге жол ашқан. Атап айтқанда:

  • Тексеру процесін қысқартуға, жұмыс уақытын үнемдеуге;
  • Адам факторын азайтып, қате шешім шығарудың алдын алуға;
  • Бақылаудың жеткіліксіздігін және жалған медициналық тексерулер мен нормативтік құқықтық актілердің бұзылуын болдырмауға;
  • Медициналық қызметкерлерге кететін шығынды азайтуға жол ашқан.

Қалай адам өмірін қалай алып қалды?

Уақыт пен бюджетті үнемдейтін бұл жоба пилоттық режимде Қарағанды облысында іске қосылған. Нәтижесінде бұл құрылғы көмегімен 2 адамның өімірн сақтап қалуға жол ашқан.

Бірінші жағдайда ауыл тұрығын кеуде қуысындағы ауырсыну мәселесімен фельдшерге жүгінген. Құрылғыда тексере келе ол адамның инфаркт алғанын айнықтаған. Талдау нәтижелерімен қашықта отырып танысқан Қарағанды қаласының дәрігерлері, бұл адады санавиациямен қалаға жеткізу туралы жылдам шешім қабылдап, артынша жедел операция жасаған. Нәижесінде ауыл тұрғыны аман қалған.

«Медицинада алтын сағат деген ұғым бар. Осы уақытта дәрігерлер талдау жүргізіп, дұрыс шешім қабылдап үлгеруі керек. Ал жылдам көмек көрсетілмеген жағдайда адам қайтыс болып кетуі мүмкін. Бірақ автоматты жүйенің арқасында қауіптің алдын алып үлгердік. Ол кісі қазір отбасының жанында. Дәл осылайша құрылғы көмегімен аяғы ауыр ананың да өмірін сақтап қалуға мүмкіндік туды», – дейді көмектесті дейді Құлахметов.

Шалғайда орналасқан ауылдардағы сапалы медицина

Компания жетекшісінің айтуынша, автоматтандырылған бұл жүйе бірінші кезекте сапалы медицинаға қол жеткізу мүмкіндігі жоқ ауылдар үшін тиімді. Сонымен қатар жалпы бюджет шығынын үнемдеп, ауыл адамдарының сапалы медициналық көмекке қол жеткізуіне мүмкіндік береді.

Шаяхметов бұл құрылғының соңғы кездері анализдерде анықтала бермейтін синтетикалық есірткіні де анықтай алады.

«Құрылғы көмегімен адамның есірткі қолданғанын да анықтауға болады. Әсіресе, синтектикалық есірткіні анықтау жолы қиын. Ал біздің құрылғы есірткі тұтынған адамды көз жанарынан-ақ анықтай алады», – дейді.

Жоба пилоттық режимде Қарағанды облысында іске қосылған. Digital Med365 мобильді кешені қазіргі таңда 100-ге жуық ауылдық елді мекенде жұмыс істеп тұр. Құрылғы көмегімен, мыңдаған адам тексерілген. Оның 219-ы қосымша тексеруге жіберіліп, 193-інің диагнозы расталған. Нәтижесінде ауыр асқынулардың алдын алу мүмкіндігі туған.

Сондай-ақ оқыңыз