Жаңалықтар

Астанада жылу энергиясы тарифтері төмендейді

«Астана Теплотранзит» жылу энергиясы тарифін төмендетеді / shutterstock, бильд-редактор: Дастан Шанай

«Астана Теплотранзит» АҚ жылу энергиясына тарифтерді төмендетеді. Бұл туралы Астана сотының баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Табиғи монополияларды реттеу саласындағы уәкілетті орган жылу энергиясы бойынша тарифті төмендету туралы талап қойып, сотқа жүгінген.

Ал жауапкер жылу энергиясын жеткізу жөніндегі табиғи монополиялардың субъектісі саналатындықтан, компанияның қызметтер көлемін ұлғайту есебінен тарифтерді көтеруін негізсіз деп тапқан.

«Тарифтерді қалыптастыру қағидаларында қызметтер көлемі ұлғайған жағдайда, реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифті төмендету көзделген. Алайда, АҚ тарифтерді төмендетпеген, бұл артық пайда алуға және тұтынушылардың жоғары тариф бойынша артық төлеуіне әкеп соқты», – делінген баспасөз хабарламасында.

Ал тапқан пайда қаражаты қызметті дамытуға және тиімді жұмыс істеуге бағытталуы керек болған. Алайда жауапкер компания қызметтер көлемін ұлғайту нәтижесінде алынған табысты заңнамада көзделген мақсаттарға бағыттамаған.

«Сот монополиске қатысты талап қоюды қанағаттандырды, жауапкерге тарифті төмендету міндеттемесі жүктелді, ал оның пайдасы жылу желілерін дамытуға бағытталуы керек», – деп хабарлайды баспасөз қызметі.

 Сот үкімі заңды күшіне енген.